2023 жылдың 28 шілдесінде Ақтөбеде «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Әріптестігін дамыту бойынша адвокациялық кездесу өтті.
Жоғары деңгейдегі кездесуді ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ННЦФ РК), Жаһандық қордың ЖІАТ, облыстық фтизиопульмонология орталығы
Жиынға қатысушыларға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.Елеусінов, ҚР ҰФҒО директоры М.Әденов және ОФО басшысы Р. Исаев алғысөз арнады.
Адвокациялық кездесуге облыстық және қалалық әкімдіктің өқзырлы мамандары, ішкі саясат, экономика және бюджет жоспарлау, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, қоғамдық денсаулық басқармаларының өкілдері, АИТВ алдын алу облыстық орталығының, санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің, басшылары, ҮЕҰ өкілдері («Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» ҚБ, «Сенім-Тірек» ҚБ, «Болашақ мұра» ҚБ) және облыстық БАҚ өкілдері қатысты
Облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Тәтімов Е.А. өңірдегі ТБ бойынша эпидемиологиялық ахуал және ТБ бағдарлама жөніндегі әріптестермен байланыс туралы, «Сенім-Тірек» ҚБ үйлестірушісі Құндолов Т.Б. ЖҚ 2017 жылдан бергі гранты аясында өңірдегі ТБ ауыртпалығын төмендетудегі өңірдегі ҮЕҰ-ның жұмыстарының нәтижесі жөнінде, ЖҚ ЖІАТ ТБ бағдарлама бойынша үйлестірушісі Мұсабекова Г.Ә. ҚР СТОП ТБ Әріптестігінің рөлі, міндеті және мүмкіндіктері туралы және ТБ ауыртпалығын төмендетудегі азаматтық қоғам әлеуетін дамыту туралы баяндама жасады.
Кездесу нәтижесінде 2023 жылдан бастап жергілікті бюджеттен ТБ мен АИТВ саласындағы ҮЕҰ жұмыстарына тұрақты түрде қаржы бөлу, өңірде СТБҰӘ өкілдігін ашу, шешім қабылдаушы лауазымды тұлғалар мен ТБ бағдарлама әріптестері арасында тұрақты негізде осындай кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.