ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Плановая командировка в медицинские организации города Шымкент

Шымкент қаласының медициналық ұйымдарына қарасты орталықтарға 2026 жылғы 30 наурыз–3 сәуір аралығында Ұлттық туберкулез бағдарламасы аясында жоспарлы іссапар басталды.

Аталғаг іссапардың мақсаты – облыстағы туберкулезге қарсы қызмет көрсететін және өзге де медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік әрі практикалық көмек көрсету, сондау-ақ туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес шараларының орындалуына мониторинг жүргізіп, олардың тиімділігін бағалау болып табылады.

Мониторингтік топ құрамында жетекші мамандар бар:

А.Р. Нажмиден – ҚР ҰФҒО мониторинг және бағалау тобының басшысы, аймақтық куратор;
О.Г. Приходченко – топ маманы;
С.Ж. Бектасов – №1 өкпе терапиясы бөлімінің басшысы;
К.Д. Еримбетов – өкпе туберкулезі мен дәріге төзімді түрлерін хирургиялық емдеу бөлімінің дәрігері;
Р.Н. Абдуллаев – цифрландыру департаментінің ақпараттық жүйе жөніндегі аға менеджері;
Г.Д. Раимова – OneImpact платформасын енгізу бойынша кеңесші.

Қазіргі таңда мониторингтік топ өз жұмыстарын бастап, медициналық ұйымдардың қызметімен танысып, туберкулезге қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылу барысын жан-жақты бағалауда. Сонымен қатар, мамандар тарапынан практикалық көмек көрсетіліп, әдістемелік ұсынымдар берілуде.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)