Әденов Мәлік Молдабекұлы
Әденов Мәлік Молдабекұлы 1994 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Фтизиатр ретінде қызметін институтты бітіргеннен кейін фтизиатрия бойынша клиникалық ординатурадан бастады, ал 1996 жылдан бастап Ұлттық туберкулез проблемары орталығында дәрігер-эндоскопист болып жұмыс істеді.
2000 жылы кандидаттық диссертация қорғады, осы уақытта сәулелік, аспаптық және функционалдық диагностик бөлімшесін басқарды.
М.М. Әденов практикалық дәрігер жұмысын ғылыми қызметпен бірге атқарды, 50-ден астам мақала жариялады, 3 өнертапқыштың авторы.
2007 - 2017 жылдары Мәлік Молдабекұлы орталықтың барлық емдік-диагностикалық қызметіне басшылық жасады.
2017 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры.
2020 жылы «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша бизнес және басқару магистрі дәрежесі алды.