ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Кауышева Алмагүл Амангелдіқызы
Медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.

1999 жылы Ақмола мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2001 жылы "Ішкі аурулар" мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді. Еңбек жолын өзі оқыған университеттен бастады, ол жерде ассистенттен кафедра доцентіне дейінгі жолдан өтті. 2004 жылдан 2007 жылға дейін Қазақ мемлекеттік медицина академиясында күндізгі аспирантурада оқыды. 2010 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Әр жылдары Республикалық инновациялық медициналық білім беру технологиялары және ғылым орталығы директорының орынбасары, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, Медициналық ұйымдардың Қазақстандық альянсы Басқарма төрағасының орынбасары, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетінің академиялық және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы (Совминка) Президентінің кеңесшісі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру департаментінің мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

Бірқатар оқу құралдарының, ғылыми еңбектердің, оның ішінде Халықаралық деректер базасында индекстелген журналдардағы ғылыми жұмыстардың, өнертабысқа алын ала патенттердің, авторлық куәліктердің авторы. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшісі. Білім және ғылым ұйымдарын аккредиттеудің ұлттық академиялық сарапшысы. Медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу жөніндегі сарапшы.

"Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісінің, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының "Кәсіби еңбегі үшін" медалінің иегері.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)