№4 бактерия бөлмейтін науқастарды дифференциалды диагностикалау және емдеу бөлімшесі
Бактерия бөлмейтін науқастарды дифференциалды диагностикалау және емдеу бөлімшесі 2001 жылы құрылды.
Тыныс алу мүшелері туберкулезі кезінде дифференциалды диагностика жүргізу қажеттілігі симптомдардың спецификалық еместігіне, олардың айқындалу дәрежесінің кең ауқымына, сәулелік диагностика әдістерімен анықталған өкпедегі өзгерістердің алуан түрлілігіне және олардың көптеген альтернативті ауруларға ұқсастығына байланысты.
Жыл сайын осы бөлімшенің мамандары ҚР түрлі өңірлерінен келген 300-ге жуық науқасқа жоғары мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді.
Қысқа уақыт ішінде (10 күнге дейін) науқастарға диагностикалық іс-шаралар кешенін пайдалана отырып, диагнозға верификация жүргізіледі.
Дифференциалды диагностиканы жүргізу үшін негіздер мынадай жағдайларда туындайды: аурудың атипті көріністері орын алады; алынған зерттеп-қарау нәтижелері бірнеше альтернативті ауруларға тән; туберкулезді және туберкулезді емес сипаттағы бронх-өкпе жүйесінің бірнеше ауруларының үйлесімі бар; бастапқыда зерттеп-қарау нәтижелерін қате түсіндіруге жол берілген; емдеуге адекватты жауап жоқ.
Дифференциалды-диагностикалық бөлімшенің қызметкерлері республиканың түрлі салаларына іссапармен бару, сырттай және телемедициналық консультация кезінде үнемі ғылыми және практикалық көмек көрсетеді. Бөлімше базасында фтизиатр-дәрігерлерді, ҚР өңірлерінен ЖЕЖ дәрігерлерін оқыту жүргізіледі.
Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің фтизиопульмонология кафедралары, сондай-ақ С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ студенттері фтизиатр-дәрігерлерді дайындайды..
Орталықтың атауын ҚР ҰФҒО деп өзгертуге байланысты бөлімше дәрігерлерін пульмонологтарға қайта даярлау жүргізілді. Осыған байланысты өкпе ауруларын емдеу және дифференциалды диагностикалау үшін нозологиялар спектрі кеңейді.