ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.

МӘМС:

1) Қазақстан Республикасының МӘМС туралы заңнамасын сақтау және орындау;
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі;
3) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы;
5) қордың активтерін тек қана МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге пайдалану;
6) қор қызметіндегі жариялылық қағидаттарына негізделеді.

МӘМС жүйесіне қатысушылар:

1) төлеушілер;
2) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар;
3) денсаулық сақтау субъектілері;
4) уәкілетті орган;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
6) қор;
7) Мемлекеттік корпорация;
8) өзге де уәкілетті органдар болып табылады.

МӘМС жүйесінде төлеушілер

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.

Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады:

1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
3) жеке кәсіпкерлер;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
6) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыскерлерді, жеке тұлғаларды, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерді, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – дербес төлеушілер);
7) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен қандастарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.

МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың:

1) уақтылы және сапалы медициналық көмек алуға;
2) осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.

  

 «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ (ресми сайты fms.kz)

Қор жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Қордың активтері:

1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді кешіктіргені үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық табыс;
2) қорға Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптасады.

Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде ашылған шоттарда орналастырылады.

Қордың активтері тек қана мына мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:

1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу;
2) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыру;
3) аударымдардың және (немесе) жарналардың, өзге де қате есептелген қаражаттың артық төленген сомаларын қайтару.
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)